Ауада короновирус инфекциясының таралуы туралы жалған ақпаратқа байланысты "Қазгидромет" РМК мәлімдеме жасайды.
Алдымен айта кету керек, Қазақстанның ауа сапасы мониторингінің мемлекеттік желісі 116 автоматты станцияның (20 минуттық өлшеу аралығы) көмегімен тәулік бойы мониторинг жүргізеді.
Мониторинг республикалық маңызы бар үш қалада, тау-кен өндіру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы қызметі дамыған облыс орталықтары мен аудандарда жүргізіледі.
Ауаның негізгі ластануы, келесі заттарға байланысты болады:
РМ-2,5, РМ-10 бөлшектері (шаң), азот диоксиді (жоғары концентрациясы негізінен автокөлік шығарындыларына байланысты)
күкірт диоксиді (күкіртсутегінің ластану көздері негізінен өнеркәсіптік жинақтағыштар, қалдықтар полигондары және т. б. болып табылады)
көміртек оксиді.
Сонымен, атмосфералық ауада өнеркәсіп дамыған аймақтарда негізгі ластаушы заттармен қатар көбіне күкіртсутегі, фенол, озон асып кетіп жатады.
Бүгінгі таңда атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі Теміртау, Қарағанды, Жезқазған, Алматы, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында байқалады.
Алайда, жоғарыда айтылғандардың бәрі, ауаға бөгде (улы) заттарды шашыратумен еш байланысты емес.
Ал бұл өз кезегінде, әлеуметтік желілер арқылы, халықты уландыратын заттарды ауаға таратып жүр деген қауесетті жоққа шығарады.
Естеріңізге салсақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқан үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, шектеу немесе жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.