18 300: Қостанай облысы дәл осынша өлшеулер жүргізді

IconЖарияланды 25.08.2021

Қостанай филиалы зертханасының еңбек жоспарына сәйкес 2021 жылы келесідей жұмыстар орындалды:

1.    атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын екі стационарлық бекетте атмосфералық ауаға 3 480 талдау 

2.    жылжымалы зертхананың көмегімен атмосфералық ауаның ластануына 1 300-ден астам өлшеу 

3.    атмосфераның ластануын бақылайтын автоматты станцияларда, атмосфералық ауаның ластануына 17 000-ға жуық өлшеу 

4.    уландырғыш компоненттердің трансшекаралық тасымалдануын бақылау үшін, 2 трансшекаралық гидрологиялық бекетте топырақ, су және түптік шөгінділер сынамаларын жоспарлы алу 

5.    топырақ сынамаларындағы ауыр металдардың құрамын бақылау үшін, 6 елді мекенде топырақ сынамаларына жоспарлы іріктеу

6.    6 елді мекенде радиациялық фон деңгейіне бақылау 

7.    Қостанай облысының 9 су объектісінде, сондай-ақ 12 тұстамада жер үсті суларының 80 сынамасы алынды. Жалпы 4 700-ге жуық талдау


Сондай-ақ, облыстың 2 елді мекенінде атмосфералық жауын-шашынның 6 сынамасы, қар жамылғысының 3 сынамасы алынды.

Сонымен қатар, 2021 жылдың маусым айының басында, Қостанай филиалы Челябі және Қорған облыстарының гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдерімен ұйымдасу арқылы, Лютинка және Варваринка трансшекаралық гидрологиялық бекеттерінде бірлескен іріктеулер жүргізілді.

Нәтижесінде, Қостанай филиалының зертханасында: жер үсті суларын талдау залы, атмосфералық ауаны талдау залы, салмақ бөлмесі, инженерлік үй-жай, материалдар мен реактивтерге арналған қойма, прекурсорларға арналған қойма іске қосылды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз