"Қазгидромет" РМК Нұр-Султандағы зертханасын жетілдірді

IconЖарияланды 26.08.2021

Естеріңізге сала кетсек, "Қазгидромет" РМК зертханалары судың, ауаның, түптік шөгінділердің, жауын-шашынның, қардың, топырақтың сапасына талдау жүргізеді.

2020-2021 жылдары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасын орындау үшін, елорданың зертханасын қайта құру және жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді — жөндеу жасалды, жаңа жиһаз сатып алынды, "Қазгидромет" РМК орталық аппаратының ғимаратындағы жаңа өндірістік үй-жайға, толық көшу жүзеге асырылды. Бұл зертхананың ОА-мен өзара әрекеттестіктің жеделдігін едәуір арттырды. Сондай-ақ студенттерге бірден екі бағытта іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік туғыздырды (зертханалық талдау және алынған деректерді өңдеу).

Зертхана хроматографтар, атомдық-абсорбциялық спектрометрлер, спектрофотометрлер, портативті су анализаторлары және т.б. сияқты заманауи талдау құрылғыларымен жабдықталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы атмосфералық ауадағы ұшпа органикалық қосылыстарды анықтау үшін газды хроматограф сатып алынды.

Зертхана ИСО/ХЭК МеМСт 17025 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" халықаралық стандартына сәйкестікке аккредиттелген.

Осы тұрғыда айта кетсек, "Қазгидромет" РМК қызметкерлері "Ұлттық аккредиттеу орталығы" уәкілетті ұйымының инспекциялық тексерулерінен үнемі сәтті өтеді. Бұл өз кезегінде, біздің мамандарымыздың құзыретін, сондай-ақ зертхананың халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз