2021 жылдың тамыз айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 28.08.2021

Қазақстанның барлық аймақтарында онкүндік бойы жауын-шашынды ыстық ауа-райы сақталды. Жауын-шашынның нормадан жоғары түсуіне байланысты, Павлодар, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ылғалданудың жақсы жағдайлары байқалды. Бұл егін жинау жұмыстарының барысын біршама тежеді. Қалған облыстарда, жаздық дәнді дақылдарды жинау науқанының басталуына қолайлы жағдай қалыптасты.

Оңтүстік облыстарда байқалған метеорологиялық жағдайлар, жалпы Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында егін жинау жұмыстарының аяқталуына қолайлы болды.
Солтүстік облыстардың бақылау учаскелерінің жаздық бидай егістіктерінде «дәннің уыздануы» және «толық пісу», жеке учаскелерде «дәннің сүттенуі» кезеңдері байқалды. Өсімдіктердің жағдайы негізінен жақсы және қанағаттанарлық. Өсімдіктердің биіктігі 58-91 см дейін, кеш себілген егістерде 55 см дейін жетеді.
Жаздық арпаның жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанрлық. Арпаның биіктігі 38-73 см дейін жетеді. Даму фазасы «дәннің сүттенуі» – «толық пісу», арамшөптер жиі кездеседі.

2021 жылғы тамыз айының  2-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз