2021 жылдың тамыз айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 04.09.2021

Онкүндік ішінде Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынды жылы ауа-райы байқалған, басты астық себілетін облыстарда 1-3 күн ішінде жауған жауын-шашын егін жинау жұмыстарының барысын біршама тежеген, жаздық дәнді дақылдарды жинау науқанын аяқтау үшін жақсы жағдайлар Батыс Қазақстан облысында орын алған. Оңтүстік облыстарда метеорологиялық жағдайлар жалпы Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында егін жинау жұмыстарын аяқтауға қолайлы болған.

Жаздық дәнді дақылдар бақылау учаскелерінде егістіктер көбінесе «толық пісу», кей жерлерде «дәннің уыздануы» фазасында болған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық, кейбір жерлерде нашар.

Жылу сүйгіш дақылдардың (жүгері, күріш, соя, қант қызылшасы, мақта) жағдайы жақсы, суару және күріш чектерінен суды жіберу жалғасуда.

 Батыс Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде сафлордың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық. Даму фазасы «егін жинау», егін жинау жұмыстары жалғасуда.

2021 жылғы тамыз айының  3-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз