"Қазгидромет" РМК мен "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ арасында алғашқы кездесу өтті

IconЖарияланды 04.09.2021

Айта кетсек, Қазгидромет негізгі қызметінен басқа, агрометеорологиялық мониторинг бағытын белсенді дамытуда — фермерлерге арналған AgroData.kz веб-қосымшасын ілгерілетуде. Қосымша топырақтағы ылғалдың мөлшері, құрғақшылық болжамы, сондай-ақ ауылшаруашылығына пайдалы көптеген басқа да пайдалы ақпаратты қамтиды.

Аталмыш кездесуде, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне, ауыл шаруашылығы үшін болжамдар саласындағы ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.

Агробілім орталығының мамандары, оларды: ұзақ уақыт құрғақшылықты болжаудағы гидрометеорологиялық қызметтің мүмкіндіктері, күтілетін жауын-шашынның мөлшері, сондай-ақ осы секілді ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қызықтыратын басқа да көптеген негізгі тақырыптарды еліктіретінін атап айтты.

Солайша, олардың пікірі бойынша Қазгидрометтің болжамдары мен аналитикалық деректері, ауыл шаруашылығындағы тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар фермерлерді уақытылы хабардар ету, егін мен малдың жоғалу қаупін азайтады.

Қорытындылай келе, АӨК жүйелі өзара әрекеттесуді, ақпарат пен деректерді алмасуды ұсынды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз