Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 23 шілдедегі №267 бұйрығымен, Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ақпарат беру қағидалары бекітілді.
Солайша, жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес, енді метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласында жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтерді көрсету нәтижесінде, ұлттық гидрометеорологиялық қызмет алған ақпарат өтеусіз беріледі.
Бұл шешім тұтынушыларға, мемлекеттік органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына және барлық меншік нысанындағы өзге де ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғаларға табиғи және дүлей құбылыстардан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған, уақтылы басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін, Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің құнды ақпаратына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ақпарат өз кезегінде екі санатқа бөлінеді: жалпы мақсаттағы және мамандандырылған.
Жалпы мақсаттағы ақпарат – тұтынушылардың сұраулары бойынша сұралатын ақпараттың құнын өндіріп алмай ұсынылады. Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК ресми сайтында және жекелеген санаттарда жүктеу үшін , ашық қолжетімділікте болады. Бұл негізінен қауіпті және табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер. Мұндай ескертулер күтілетін, сондай-ақ нақты аумақта басталған қауіпті және стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстар туралы болжамды және нақты ақпаратты, метеорологиялық және гидрологиялық деректерді қамтиды.
Айта кетелік, кейбір жағдайларда, мәселен іріктеуді және қосымша талдау жұмыстарын жүргізуді талап ететін (бұл қосымша еңбек шығындарын тудырады) жалпы мақсаттағы ақпаратты сұрату кезінде, ұлттық гидрометеорологиялық қызмет, қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен, бекітілген бағалар бойынша аталмыш жұмыстар үшін ақы алуға құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдарында, "Қазгидромет" РМК ұсынған жалпы мақсаттағы және дауылды метеорологиялық және гидрологиялық ақпаратты тарату кезінде, оны алу көзіне міндетті сілтеме берілетінін атап өту қажет.
Мамандандырылған ақпарат, сұратылған ақпаратты ұсыну кезеңін, мерзімдерін, түрін, көлемі мен тәсілін ескере отырып, тұтынушылардың сұрау салулары бойынша ҰГМҚ-ға ұсынылады. Белгіленген тәртіппен бекітілген бағаларға сәйкес, бұл ақпарат жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар жұмыстар шеңберінде жүзеге асырылмайтын қосымша байқауларды жүргізе отырып, мемлекеттік бақылау желісінің деректерін пайдалана отырып, арнайы мақсаттағы қызметтерді көрсету нәтижесінде алынады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің және ережелердің мәтінімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023716