Бір ай ішінде Қазақстанның басым бөлігінде өте ыстық және құрғақ ауа-райы байқалды. Тамыз айында орташа айлық ауа температурасы, елдің көп бөлігінде, әсіресе батыс және оңтүстік аймақтарда климаттық нормадан 1-6°C жоғары болды. 2021 жылғы тамыз температура режимі бойынша 2008, 2010, 2012, 2014, 2016 жылдардағы сценарийді қайталады. Жауын-шашынның таралуы бойынша мұндай құрғақ ауа-райы, соңғы рет 2014, 2016 жылдары байқалды.
Мысалы, Аққұдық метеостанциясында (Маңғыстау облысы) 8 тамызда ең жоғары ауа температурасы +45,7°С тіркелді, бірақ 2011 жылы бұдан да жоғары болды – +46,5°С-ты құрады.
Тамыз айы салқындаусыз өтпеді. Атап айтсақ, айдың ортасында және соңында Солтүстік антициклон елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болды. Солайша түнгі уақытта ауа температурасы +3+7°С белгісіне дейін, күндіз +15+20°С-қа дейін төмендеді. Республиканың оңтүстік-шығысындағы суықтың толқыны, тамыз айының ортасында байқалды: ауа температурасы түнде +3+10°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-қа дейін, Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында +13+18°С-қа дейін жетті.
Нұр-Сұлтан қаласына келсек, бұнда ең төмен ауа температурасы 30 тамызда (+17,3°C), ал ең жоғары температура 7 тамызда (+33.9°C) байқалды. Айта кетсек, рекордтық көрсеткіштер тіркелген жоқ. Өйткені 2012, 2014 жылдары Солтүстік астанада бір ай бойы күндізгі максимум +36+38°С құраған болатын.