Мониторинг желісі кеңеюде

IconЖарияланды 13.09.2021

Тәжірибе жүргізетін экологтар Қауымдастығымен меморандум аясында, "Қазгидромет" РМК бақылау желісіне атмосфералық ауа сапасының мониторингі бойынша тағы 15 датчик интеграциялауда. Осылайша, жаңа пункттер алдағы уақытта Ақтөбе, Атырау және Павлодар қалаларында орнатылады. Ал Өскемен қаласында әлдеқашан бес датчик орнатылған еді. Датчиктерді монтаждағаннан және баптағаннан кейін, көрсеткіштер атмосфералық ауаның интерактивті картасында  http://ecodata.kz:3838/app_dem_visual/ және AirKz

Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мониторингтік желіні кеңейту шеңберінде жұмысты жоспарлы түрде жүргізуде. Желі жақында "Қазгидромет" РМК өз қаражаты есебінен сатып алынған 30 жаңа станциямен толықтырылды және оны практикамен айналысатын экологтар қауымдастығы тұрақты түрде посттармен толықтырып отырады. Желінің тығыздығы Қазақстан тұрғындарына өз елді мекендеріндегі атмосфералық ауа сапасының деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз