РМ-2,5 және РМ-10 мониторингін кеңейту (шаң)

IconЖарияланды 16.09.2021

Тәжірибе жүргізетін экологтар қауымдастығымен меморандум аясында, атмосфералық ауа сапасының мониторингі бойынша "Қазгидромет" РМК бақылау желісіне тағы 10 датчикті интеграциялауда. Осылайша, қазір Ақтөбе, Өскемен және Атырау қалаларында жаңа пункттер орнатылды. Ал жақында бұл тізімге Павлодар да қосылды. Үш станция қаланың ең көп жұмыс істейтін аудандарында: Қамзин және Чкалов көшелерінің қиылысында, Айманов және Ломов көшелері бойынша орнатылды.

Датчиктерді монтаждағаннан және баптағаннан кейін, көрсеткіштер атмосфералық ауаның интерактивті картасында: http://ecodata.kz:3838/app_dem_visual/ және AirKz: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.khm.airkz мобильді қосымшасында қолжетімді болады.

Айта кетсек, Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі, мониторингтік желіні кеңейту шеңберінде жұмысты жоспарлы түрде жүргізуде. Желі жақында "Қазгидромет" РМК өз қаражаты есебінен сатып алынған 30 жаңа станциямен толықтырылды. Сонымен қатар, практикамен айналысатын экологтар Қауымдастығы, желіні тұрақты түрде посттармен толықтырып отыратынын хабарлаймыз.

Өз кезегінде желінің тығыздығы, Қазақстан тұрғындарына өз елді мекендеріндегі атмосфералық ауа сапасының деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз