Ақтөбе обласында BARON SERVICES INC, АҚШ радарларын монтаждау басталды

IconЖарияланды 20.09.2021

Ақтөбе облысында, Шалқар кентінде BARON Services Inc, АҚШ өндірісінің доплер метеорологиялық радиолокаторын (бұдан әрі - ДМРЛ) монтаждау басталды.

2018-2019 жылдары Қазгидромет АҚШ өндірісінің 5 ДМРЛ сатып алған болатын. Олардың үшеуі Enterprise Electronic Corporation және екеуі  BARON Services Inc. Бүгінде соларды, Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мамандары, BARON Services Inc американдық компаниясының өкілдерімен бірлесе отырып, Ақтөбе облысының Шалқар кентінде ДМРЛ монтаждауға кірісті. Ал Алматы облысының Талдықорған қаласында және Қостанай облысының Торғай қаласында, аталмыш құрылғылардың екеуі монтаждаудан өткен еді. Қазір оларды іске қосу-жөндеу және пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетсек, ДМРЛ бұл үлкен аумақтарда қарқынды жауын-шашын, найзағай, бұршақ, дауыл, турбуленттік аймақтар, желдің жоғары жылдамдығы және т.б. орналасу орны мен сипаты туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде анықтауға және ұсынуға арналған. Сондай-ақ ол жауын-шашынның мөлшері мен жағдайын бағалауға, жауын-шашынның жылдамдығы және жаңбыр тамшыларының орташа мөлшерін білуге, күтілетін өзгерістерді дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Мұндай болжамдар біздің елімізде үлкен сұранысқа ие. Себебі бізде (негізінен) күрт континентальды климат басым, сондай-ақ ауа-райының жиі өзгеруі байқалады.

Осы жоба аясында, осындай ДМРЛ Жезқазған (Қарағанды обл.) қалаларында орнатылатын болады. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз