2021 жылдың қыркүйек айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 24.09.2021

Өткен онкүндікте Қазақстанның негізгі астық егетін аймағының басым бөлігінде бұрынғыдай жауын-шашынның көп жауғандығы байқалған, бұл егін жинау науқанының аяқталуына қолайсыз болған. Республика бойынша жаздық дәнді дақылдардың жартысынан көбі жиналды. Еліміздің солтүстік облыстарында, батысында, орталығында және шығысында түнгі уақытта байқалған минус 2-4°C дейінгі (кей жерлерде минус 8°C-қа дейін) үсік жаздық дәнді дақылдардың піскен дәндері үшін қауіп төндірмеген, бірақ таңертеңгі уақыта жинау жұмыстарының жүргізілуін қиындатқан.

Бақыланатын учаскелердің барлығында «толық пісу» фазасы байқалған, жаздық бидай егістіктерінің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық.

Алматы облысының Райымбек ауданы Нарынкөл станциясының маңайындағы бақыланатын учаскелердің барлығында жаздық бидайдың жағдайы жақсы, «толық пісу» кезеңінде.

Жылу сүйгіш дақылдардың (жүгері, күріш, соя, қант қызылшасы, мақта) жағдайы негізінен жақсы, кей жерлердегі жекелеген учаскелерде өте жақсы. «Толық пісу» даму кезеңі байқалып, Талғар агропосты маңайындағы учаскелерде жүгеріні дәндікке жинауға кіріскен. Байзақ ауданының Сарыкемір агропосты және Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Асса станциясының маңайында қызылша егістіктерінде «қатар аралықтардың жабылуы» кезеңі байқалған, қоректендіріп суаруға (Асса станциясы) кіріскен. Бақыланатын учаскелердің барлығында сояның жағдайы өте жақсы және жақсы. «1-ші және 2-ші пісу кезеңі» даму фазасы байқалған.

2021 жылғы қыркүйек айының  2-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз