«Қазгидромет» мекемесі КАСПКОМ-ның 25-сессиясына қатысты

IconЖарияланды 26.10.2021

2021 жылғы 25 қазанда Ресей Федерациясында Каспий теңізінің гидрометеорологиясы жөніндегі үйлестіру комитетінің (КАСПКОМ)
25-сессиясы өтті.

Каспий теңізіндегі тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық қызметті тұрақты дамыту, сондай-ақ теңіздің жай-күйі туралы ақпарат алу және алмасудың кешенді өңірлік жүйесін дамыту мақсатында, КАСПКОМ Әзірбайжанның, Иранның, Қазақстанның, Ресейдің және Түркіменстанның ұлттық метеорологиялық және гидрологиялық қызметтерін (ҰГМҚ) біріктіреді (http://www.caspcom.com/).

Сессияға Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Түркіменстанның ұлттық метеорологиялық және гидрологиялық қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, жергілікті билік органдарының, іскерлік топтардың, ғылыми қоғамдастықтардың, қоғамдық ұйымдардың және гидрометеорологиялық ақпаратты тұтынушы ұйымдардың өкілдері қатысты.

КАСПКОМ-ның 25-ші сессиясы барысында Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселелері көтеріліп, 24-сессия ұсынымдарының орындалуы талқыланды.

Делегацияларға қатысушылар КАСПКОМ мен Тегеран конвенциясына қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Каспий теңізінің жай-күйі және оның ластануына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері белсенді түрде қолданылатындығын атап өтіп, мұндай ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз