«Қазгидромет» компаниясы танымал туристік бағыттарды метеорологиялық мониторингімен қамтиды

IconЖарияланды 27.10.2021

Пандемия кезінде қазақстандықтарды еліміздің әсем табиғатымен  таныстыратын туристік фирмалар мен жекелеген белсенділердің саны күрт өсті. Елімізде белсенді туризмнің дамуы гидрометеорологиялық қамтамасыз етуге деген сұранысты арттыруда. Болжамдардың дәлдігі, жауын-шашын мен дауылды уақтылы хабарлау ішкі туризмнің бірқатар салаларының кірістерін қалыптастырады.

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның туристік аймақтарына үш автоматты метеорологиялық станция (АМС) орнатты. Олар - Шарын шатқалы (Шарын АМС), Көлсай көлі (Көлсай АМС) және Түрген шатқалы (Түрген АМС). Бұрын бұл аймақтар Қазгидромет мониторингісінің жерүсті желісімен қамтылмаған болатын, дегенмен АМС елді мекендердің жанында да, шөлді, таулы және орманды аудандардағы үлкен қалалардан қашық жерлерде де орналасқан. Қорықтар ішінде орналасқан осы үш аймақты таңдауға өз бетімен саяхаттаушылар мен туристік фирмалар үшін нақты ауа-райы  болжамының қажеттілігі себеп болды.

«Қазгидромет» РМК-нің бір-үш тәулікке беретін жауын-шашын, жел, ауа температурасы бойынша болжамдарының дұрыстығы 92%-ға дейін жетеді.

Адамдар көп жиналатын танымал туристік маршруттар аймағына AМС-ты орналастыру келушілерге қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, ауа-райының күрт өзгеруі және дауылдар туралы ескерту қажеттілігінен туындап отыр. Алдағы уақытта басқа да танымал туристік бағыттарды мониторингімен қамту көзделуде.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз