Алдағы күндері Солтүстік циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, желдің күшеюі, еліміздің солтүстік және орталық аудандарында төменгі бұрқасын мен көктайғақ, 28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша тұман болжанады. Батыста ауа температурасының ауытқуы түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз негізгі фон 5-15 жылуды, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 3-8-ден 3-ке дейін, күндіз 3-10-нан 0-8-ге дейін, орталықта түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз 0-10-нан 2-13-ке дейін, шығыста түнде 0-7-ден 0-5-ке дейін, күндіз 2-13-тен 0-13-ке дейін 5-15 жылуды құрайды. Оңтүстікте түнде 5 аяз-8 жылу, күндіз 7-15 жылу, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-8-ден 0-5 жылу, күндіз 10-18-ден 7-15 жылу аралығында ауытқиды.