Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының өтініші бойынша "Қазгидромет" РМК, 28.10.2021 жылы сағат 00:00-ден 15:00-ге дейінгі кезеңде атмосфералық ауа сапасын бақылау постының деректері бойынша 8 МӨП-те (Бабатайұлы к-сі, А.Марғұлан ат. № 40 мектеп-лицейі) 1,25-1,75 ШРК диапазонында, күкіртсутегі бойынша шекті жол берілетін шоғырлану нормативтерінің шамалы асып кетуін тіркеді. Желдің бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыст 2-7 м/с.
Аталған асып кету сыни болып табылмайды: жедел хабарлама Нұр-Сұлтан қаласының экология департаментіне ШРК-ң 10 есе артуы кезінде жолданады.
Бұрын "Көктал-1" ауданы мен Сарыарқа ауданы әкімдігінің тұрғындарының өтініші бойынша "Қазгидромет" РМК зертханасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология Департаментімен бірлесіп, А.Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейі ауданында күкіртсутегімен ауаның ластану көзін анықтау мақсатында жоспардан тыс ауа сапасын өлшеді. Тексеру барысында, ауаның күкіртсутекпен ластану көзі орнатылды – бұл "Астана су арнасы" көлігінің "АС" ағызу нүктесі екені анықталды.
"AirKZ" мобильді қосымшасы халықаралық тәжірибеге сәйкес онлайн режимде ластаушы заттардың мкг/м3 нақты концентрациясын көрсетеді.
Қысқы кезең басталған кезде, ауа температурасының төмендеуі, сондай-ақ желсіз ауа-райында ластаушы заттардың жиналуы және олардың атмосфералық ауада құрамының жоғарылауы мүмкін екенін атап өтеміз.