Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қараша - күзден қысқа біртіндеп ауысу кезеңі.
Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, 03 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік - батыс жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, тұманмен, көктайғақ құбылыстарымен, желдің күшеюімен (солтүстік жартысында бұрқасынмен) күтіледі.
03-04 қарашада республиканың басым бөлігі Карск теңізі аудандарынан ығысатын суық антициклонның ықпалында болады, ауа температурасының төмендеуімен аязды, нағыз қысқы ауа райы болжанады (батыс аймақтарды қоспағанда):
- Қазақстанның батысында түнде 0,+8°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0,+10°С-қа дейін;
- елдің солтүстік-батыс жартысында, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан -5-15°С-қа дейін, қиыр шығыста -20°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-тан -3-10°С-қа дейін;
- ҚР оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -3+5°С-тан -1-13°С-қа дейін, күндіз +10+16°С-тан -5+3°С-қа дейін.
Бірақ кезеңнің ортасынан бастап температура фоны біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.
Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклон анықтайтын болады, соған байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі: екпінді желмен, бұрқасынмен қайтадан жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады. Содан кейін суық ауа массаларының Ресей аумағынан енуімен екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің басында және соңында температуралық фонның төмендеуі болжанады.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ең суық күндері термометр бағаналары түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнде -5-17°С-қа дейін, күндіз -2-7°С-қа дейін түсуі мүмкін.
Күндізгі уақытта елдің солтүстік жартысында аяздың әлсіреуінде ауа температурасы әлсіз оң мәндер шегінде болады, оңтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.