Ескі метеорологиялық станциялардың бірінде күрделі жөндеу жүргізілді – Есік МС

IconЖарияланды 23.11.2021

Гидрометеорологиялық қызметтің 100 жылдығын мерекелеу қарсаңында, "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы Қазақстанның ең көне метеорологиялық станцияларының бірі – Есік метеорологиялық станциясын күрделі жөндеуден өткізді. Станция Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында орналасқан.

Есік қаласы, Іле Алатауы жотасының етегінде, Есік өзенінің бойында орналасқан. Метеорологиялық станцияның осы аймақта орналасуы, оның жұмысын маңызды, әрі үлкен сұранысқа ие етеді. Бұл метеорологиялық мониторинг та, ауа райы болжамдарын дайындау да, сондай-ақ су тасқыны бойынша гидрологиялық бақылау, дауыл ескертулерін шығару және көшкін түсу қаупі туралы хабарлау.

Бүгінгі күні Есік МС ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Қызметтік үй-жайлар, шатыр жөнделді, қасбет қайта жасалды. Айта кетсек, жаңартылған Есік метеорологиялық станциясы үзіліссіз жұмыс істейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз