Жаһандық жылыну жалғасуда! Жалпы, жер шары үшін 2020 жыл аспаптық бақылау кезеңіндегі ең жылы жылдардың үштігіне енді. 2020 жылы жаһандық температура 1850 1900 жылдардағы индустрияға дейінгі кезеңдегі деңгейден шамамен 1,2±0,1 °C жоғары болды.
"Қазгидромет" РМК аймақтық климат, оның құбылмалылығы және өзгеруі туралы шынайы ғылыми ақпарат беру мақсатында 2010 жылдан бастап жыл сайынғы климат бюллетендерін шығаруды жүзеге асырады. Мониторинг деректері бойынша Қазақстанның климаты да жылынып келеді. Қазақстан бойынша орта есеппен 2020 жылы ауаның орташа жылдық температурасы 1961 1990 жж. кезеңіндегі климаттық нормадан 1,92 с жоғары болды және бұл 1941 2020 жж. кезеңіндегі ең жылы жылдардың сараланған қатарындағы бірінші шама.
Бірақ Қазақстанның климаттың өзгеруі оның географиялық орналасуы мен кең аумағы салдарынан аумағы бойынша да, жыл мезгілдері бойынша да біртекті емес. Нәтижесінде, бұл өзгерістер Республиканың биофизикалық жүйелеріне, экономикалық қызметіне және әлеуметтік саласына теріс те, оң да әсер етуі мүмкін.
Қазақстанның климаты және оның өзгеруі туралы толығырақ сілтеме арқылы біле аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/klimat/ezhegodnyy-byulleten-monitoringa-sostoyaniya-i-izmeneniya-klimata-kazahstana