Халықаралық грант және тәжірибе жүргізетін эеологтар Қауымдастығымен меморандум аясында, атмосфералық ауа сапасының мониторингі бойынша "Қазгидромет" РМК бақылау желісіне РМ-2,5 және РМ-10 бөлшектердің бес датчигі біріктірілді. Жаңа датчиктер Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазгидромет" РМК қол бекеттерінде орнатылды.
Айта кетсек, бұған дейін осындай датчиктер Ақтөбе, Атырау, Павлодар және Өскемен қалаларында енгізілген болатын. Датчиктер, монтаждалғаннан және бапталғаннан кейін атмосфералық ауаның интерактивті картасында http://ecodata.kz:3838/app_dem_visual / және AirKZ мобильді қосымшасында қолжетімді болады.
"Қазгидромет" РМК мониторингтік желісін кеңейту шеңберінде, жоспарлы түрде жұмыс жүргізілуде. Солайша, 2021 жылы Қазгидромет өз қаражаты есебінен 30 жаңа станцияны сатып алды. Олар үнемі жеке бақылау желілерінің деректерімен толықтырылып отырады. Өз кезегінде, желінің тығыздығы Қазақстан тұрғындарына өз елді мекендеріндегі атмосфералық ауа сапасының деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік береді.