Желтоқсан айында ауа температурасы ҚР оңтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтілуде, еліміздің солтүстік жартысы мен батысында нормадан 1° жоғары. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп болып болжанады.
Айдың басында Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын анықтайтын болады, алдымен батыста, содан кейін ҚР қалған аумағына ықпалын тигізеді, жауын – шашын күтіледі, көбінесе қар түрінде, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығыс жартысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ тұрақсыз ауа-райы желдің күшеюі 15-23 м/с, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады.
Желтоқсанның алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігіндегі тұрғындарды жылы ауа райы қуантады:
солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды;
республикамыздың оңтүстігінде түнде -2+8°С дейін, күндіз +10+18°С дейін.
Батыс өңірлерде, керісінше, ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.
Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанады:
батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін;
солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін;
оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-қа дейін;
Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5-13°С-қа дейін,күндіз 0,-5°С-қа дейін;
Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы аудандардан жылы ауа массаларының кезекті шығарылуымен аяздардың әлсіреуі болжанады.
Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін қарқынды суық толқындарының қайтуы күтіледі. Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады.
Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы күтеді. Күндізгі ауа температурасы +10°С-қа дейін болжанады.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде қарлы боран мен желдің күшеюі жиі ҚР солтүстік жартысында және тау бөктерінде күтіледі.