2021 жылдың желтоқсан айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 15.12.2021

Желтоқсанның бірінші онкүндігінде еліміздің оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және батысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон нормадан 2...7ºС жоғары болып, жауын-шашын көбінесе нормадан аз жауған, батыста және Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында нормадан жоғары болған.

Орташа тәуліктік ауа температурасының жоғарылауы Түркістан облысы Тасарық станциясының маңайындағы бақылау учаскелерінде күздік бидай өсімдіктерінің қайтадан дамуына әкелген. Т. Рысқұлов ауылы станциясының маңайындағы жоңышқа шөптерді мал таптаған.

Алматы облысында түнгі ауа температурасының минус 19...20ºС-дейін, кей жерлерде 29ºС дейін (Лепсі станциясы) төмендеуі байқалған, бұл қар жамылғысы болмаған кезде күздік бидайдың қатып қалуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, онкүндік ішінде жаппай орын алған қарқынды жылымық күздік бидайдың нашар дамыған егістіктерінің қысқы төзімділігіне әсер етуі мүмкін, суық ауа-райы қайта оралған жағдайда өсімдіктер оларды шынықтырған температурадан төмен температура кезінде зақымдануға ұшырайды.

Батыс Қазақстан облысында күздік дәнді дақылдар өсірілетін аудандарда Переметное және Федоровка агропосттарының маңайында биіктігі 5-6 см тұрақты қар жамылғысы сақталуда, ол ауаның ең төменгі температурасы 14...15ºС жағдайында өсімдіктерге қорғайтын әсер етеді.

2021 жылдың желтоқсанның 1-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз