Желтоқсанның екінші онкүндігінде еліміздің оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және республикамыздың батысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон тегіс нормадан жоғары, жауын-шашын нормаға жуық және нормадан төмен болған.
Алматы облысында 7 күн бойы, Жамбыл облысында 5 күнге және Түркістан облысында 2 күнге дейін байқалған қарқынды жылымық күздік бидайдың нашар дамыған егістіктерінің қысқы төзімділігіне әсер етуі мүмкін (даму фазасы көктеу - 3-ші жапырақ). Қар жамылғысы Алматы облысының Сарқанд станцияларының маңайында ғана байқалған, еліміздің оңтүстігінің қалған аймақтарында қар болмаған.
Батыс Қазақстан облысында күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарда сақталған биіктігі 10 см тұрақты қар жамылғысы, өсімдіктерге қорғайтын әсер етеді.
Күздік бидайдың қату тереңдігіндегі топырақтың минималды температурасы оңтүстікте 0ºС минус 2ºС дейін және оңтүстік-шығыста шамамен минус 4...5ºС дейін.
Барлық жайылымдық мал шаруашылығы аймағында ауа температурасы ауытқуының мәні шамамен плюс 2...7ºС жылы, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде байқалған.
2021 жылдың желтоқсанның 2-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy