Қазгидромет қызметкерлері шетелдік жоғары оқу орындарында табысты білім алуда

IconЖарияланды 04.02.2022

РФ Ғылым және білім министрлігінің 2021 жылғы 28 қазандағы N 1104/нк 2 бұйрығымен, Каспий теңізінің гидрометеорологиялық зерттеулер басқармасының ғылыми қызметкері — Жанар Наурозбаеваға, география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілгенін қуана хабарлаймыз.

"Қазгидромет" РМК жолдамасы бойынша Жанар Наурозбаева, Ресей гидрометеорологиялық университетінің аспирантурасында оқып, оны сәтті аяқтады. Оқыту кезеңінде ол мұз қалыңдығының өсуіне қысқа мерзімді болжам әдістемесін әзірледі. Ол болжамның әр түрлі күнбұрындылығының тиімділігі мен негізділігін бағалап, қолдану бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар берді. Зерттеу нәтижелері "Қазгидромет" РМК Ғылыми-техникалық кеңесінде ұсынылды.

Жанар Наурозбаеваның зерттеулері табысты деп танылып, кеңес шешімімен, әдіс Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің жедел практикасына енгізілді.
Жанар Наурозбаеваны ғылым кандидаты, ғылыми дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз және одан әрі ғылыми жетістіктер тілейміз!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз