Елордалық №47 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазгидрометке барып қайтты

IconЖарияланды 17.02.2022

Қазгидромет қызметкерлері елордалық №47 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін, Нұр-Сұлтан метеостанциясына экскурсия өткізді. Бұл Қазақстандағы ең көне метеорологиялық станциялардың бірі — жақында Нұр-Сұлтан МС-на 150 жыл толды.  Атап өтсек, биыл Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай, тарихи құжаттар, метеорологиялық құралдар және Қазгидрометтің еңбек сіңірген мамандарының деректі естеліктері жинақталған тарих мұражайы ашылды.  Экскурсия барысында балалар, көптеген аспаптар орнатылған метеорологиялық алаңда болды. Сондай-ақ сәулет ескерткіші болып табылатын метеостанция ғимаратына барып қайтты. Аталмыш ғимарат, 1916 жылы Николаев бас физикалық обсерваториясының тапсырмасы бойынша салынған еді.  Станцияны көріп болғаннан кейін, балалар Гидрометорталыққа келді. Бұнда біздің синоптиктер метеорологиялық мониторингтен бастап, ауа райы болжамын жасауға дейін жүретін үдерісті көрнекі түрде түсіндіріп, көрсетті.  Сонымен қатар, жақын арада біздің музейде өткізілетін экскурсиялар, онлайн форматта да қолжетімді болатыны туралы қуана хабарлаймыз! Жаңалықтарымызды жіберіп алмаңыздар.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз