2022 жылдың 21 ақпанынан бастап Орталық Азияның энергетикалық секторындағы метеорологиялық және климаттық қызметтер саласының мамандары үшін онлайн-курс басталады. Ұйымдастырушылар — "Қазгидромет" РМК, Алматы қаласындағы Қазақстан-Неміс университеті, энергетика және метеорология жөніндегі Дүниежүзілік кеңес, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым және Дүниежүзілік банк.
Бұл курста тыңдаушылар, ауа райы мен климаттың энергетикалық жүйелерге әсері және жаңартылатын, таза энергия көздерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы біледі. Сондай-ақ, қатысушылар өздерінің метеорологиялық және климаттық қызметтерін әзірлеу және ұсыну үшін, құнды теориялық білім мен практикалық құралдарды игеретін болады.Курста жетекші сарапшылардың осы білімді қолданудың нақты әдістері мен алдыңғы қатарлы практикалық тәсілдері туралы баяндамалары жарияланды.
Сабақтың негізгі тақырыптары:
— Неліктен метеорологиялық және климаттық қызметтер энергетика саласындағы басқару үшін маңызды;
— Су және ауыл шаруашылығы секторларына байланыстыра отырып, энергетика секторы үшін метеорологиялық және климаттық қызметтерді қолдану.
Орталық Азия аймағының көптеген елдері, көмір мен табиғи газдан бас тартуға және көміртегі шығарындыларының төмен деңгейімен тұрақты нұсқаларға көшуге тырысады. Алайда, ауа райы мен климаттық факторлар, энергияның сұранысы мен ұсынысына әсер ететіндіктен, осы мақсаттарға жету үшін инфрақұрылым, инвестициялар, жоспарлау, пайдалану, саясат және басқару салаларында айтарлықтай күш қажет.
Осы мақсатта метеорологиялық және климаттық қызметтерді, максималды энергия тиімділігін, технологиялардың экономикалық өміршеңдігін қамтамасыз ету және энергия жүйелерін басқаруды, ұсыныс жағынан да, сұраныс жағынан да қоғамдық тану үшін пайдалануға болады.