Қазақстандағы ауаның ластануы бойынша мәселелердің жүйелі шешімдері талқыланды

IconЖарияланды 24.02.2022

23 ақпан күні Нұр-Сұлтанда, Қазақстандағы ауаның ластануы бойынша мәселелерді жүйелі түрде шешуге арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара "Орталық Азиядағы ауа сапасын басқару бойынша әлеуетті нығайту" жобасы аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы — "Тәжірибелі экологтар Қауымдастығы", "Қазгидромет" РМК-ын өкілдерін ауа сапасы туралы халықты ақпараттандыру мәселелері бойынша, спикерлер ретінде шақырды.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы "Қазгидромет" РМК атмосфералық ауа мониторингі бойынша AirKZ мобильді қосымшасын іске қосты. Мобильдік қосымшада еліміздің 69 елді мекенінде орналасқан Қазгидрометтің 170 экологиялық бекетінің көрсеткіштері көрсетіледі. Сондай-ақ, AirKZ-те атмосфералық ауаның сапасын бақылау жеке желілерінің деректері "Қазгидромет" РМК желісіне біріктірілген: Алматы қаласының эко-белсендісі Павел Александровичтің 10 датчигі, "Тәжірибелі экологтар Қауымдастығы" ЗТБ қатысуымен халықаралық грант шеңберінде 15 датчик, АМӨЗ 4 станциясы, "Эко-Сервис" ЖШС 40 станциясы және NCOC 8 станциясы.
Мобильді қосымша жұмыс істеген жылдар ішіндегі деректерді талдау, экологтарға Қазақстандағы ауаның ластануы жөніндегі проблемалардың жүйелі шешімдерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз