Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2022 жылдың 25 ақпанында "Қазгидромет" РМК, Орал қаласында өткен Жайық (Орал) трансшекаралық бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі жөніндегі кеңеске қатысты. Аталған кеңеске "Қазгидромет" РМК атынан бас директордың орынбасары — С.Саиров, ғылыми-зерттеу орталығының директоры — Н.Абаев және жетекші ғылыми қызметкер — Е.Тарасенко қатысты.
Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің өкілдері, "Қазгидромет" РМК-ның "Ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс) зерттеулер жүргізу бойынша, ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай Жол картасын" іске асыру бойынша орындалатын жұмыс түрлеріне және Жайық өзенінің трансшекаралық бассейнінің экожүйесін сақтау бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясының қызметін жандандыру шараларына қатысты баяндамаларымен сөз сөйледі.
Сондай-ақ, 2022 жылға арналған Жайық өзенінің бассейндерінде ылғал қорының жинақталуы және көктемгі су тасқынының алдағы кезеңінде күтілетін ағын көлемі туралы анықтама-кеңес берілді.