"Қазгидромет" РМК су тасқыны бойынша негізгі болжамды шығарды

IconЖарияланды 03.03.2022

Республиканың солтүстігі мен орталығында 2022 жылдың 1 наурызындағы гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулердің деректері бойынша жасалған, ылғал қорының күтілетін көлемі, осы өңірлерде су тасқынына дайын болу қажеттігін көрсетеді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қар қоры мен жауған жауын-шашын мөлшері туралы деректер бойынша су аз болады деп болжануда.

Алайда, наурыз-сәуір айларында жауын-шашын болжанады (сондай-ақ көпжылдық бақылаулардың деректері бойынша тәулігіне айлық жауын-шашын нормасы түсуі мүмкін, бұл өз кезегінде қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкелуі мүмкін). Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының аумағы бойынша өзен бассейндерінде, ылғал қорының көлемі, орташа көп жылдық мәндер деңгейінің шамалы (16%-ға дейін) асып кетуі байқалады, олар қатты жауын-шашын түскен кезде жауын-шашын тасқынының туындауына әкеп соғуы мүмкін.

Қазақстанның жазық өзендері бассейндерінің қар жамылғысындағы су қоры, үлкен әркелкілікпен сипатталады: Қарағанды және Атырау облыстарында орташа көп жылдық мәндерден тиісінше 10-45% және 24%-ға төмен; Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көп жылдық мәндерден 16%-ға жоғары; Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында орташа көп жылдық мән шегінде.

Қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда. "Қазгидромет" РМК өңдеген "NASA" жерсеріктерінің ЖҚЗ суреттері негізінде 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 65%-ды құрайды.

2021 жылдың қазан-қараша айларында жүргізілген маршруттық зерттеулердің нәтижелері бойынша, астық егетін өңірлердің басым аумағында, қыста кетер алдында ылғал қорының тапшылығы байқалды.

Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарын қоспағанда, еліміздің барлық аумағында топырақтың жоғарғы егістік қабатында (0-20 см) төмен ылғал қоры байқалды.

Топырақтың метрлік қабатында ылғал қорының жеткіліксіз деңгейі, негізінен республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында қалыптасты.

Ылғал жинақтаудың ең қолайлы жағдайлары Қарағанды облысында болды, онда негізінен топырақтың метрлік қабатында ылғалданудың қанағаттанарлық және оңтайлы шарттары қалыптасты.

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, гидрометеорологиялық мониторинг деректері, "Қазгидромет" РМК сайтында қолжетімді. Бұнда су тасқыны бойынша негізгі болжамның толық мәтіні ұсынылған. Сондай-ақ айта кетсек, көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі бойынша ақпарат, апта сайын ашық қолжетімділікте. Ол келесі сілтеме бойынша ұсынылатын болады: https://kazhydromet.kz/ru/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz/2022

Консультативтік синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2022 жылдың наурызы негізінен жылы және елдің басым бөлігінде жауын-шашыны нормаға жуық болады деп күтілуде.

Ал таулы аумақтың өзендері үшін, вегетациялық кезеңге арналған негізгі болжам 2022 жылғы сәуірдің бірінші онкүндігінде жасалады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз