«Қазгидромет» РМК 2022 жылдың ақпан айына мониторинг бойынша ай сайынғы Климаттық бюллетень шығарды

IconЖарияланды 09.03.2022

"Қазгидромет" РМК ай сайынғы Климаттық экспресс бюллетеньдер шығаруды жүзеге асырады. Онда Қазақстан аумағы бойынша ауаның орташа айлық температурасының және атмосфералық жауын-шашынның айлық мөлшерінің ауытқуларын бағалау келтірілген.

Бюллетеньді дайындау үшін РМК «Қазгидромет» метеорологиялық бақылау желісінен алынатын бақылау деректері қолданылады: 1941 жылдан бастап ауаның орташа айлық температурасы мен айлық жауын-шашын мөлшері. Ауаның орташа айлық температурасы мен жауын-шашынның айлық мөлшері аномалиясы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым қазіргі климаттың ауытқуын бақылаудың базалық негізі ретінде ұсынған 1981–2010 жылдар аралығы үшін есептелген ұзақ мерзімді орташа мәндер, яғни нормаға қатысты анықталады. Ауа температурасының аномалиясы бақыланатын мәннің нормадан ауытқуы ретінде есептеледі. Жауын-шашын мөлшері аномалиясы нормадан пайызбен, яғни жауын-шашын мөлшерінің норманың тиісті мәніне пайыздық қатынасы түрінде ұсынылады. Климаттық экстремумдарды сипаттау үшін карталар келтірілген, мұнда әр станция үшін эмпирикалық аспау ықтималдылығының мәндері 1941 жылдан бастап ағымдағы жылға дейін (эмпирикалық аспау ықтималдығы – бұл уақыт мәнінен аз немесе оған тең уақыттық қатар мәндерінің үлесі) келтірілді. Егер айнымалының ағымдағы мәнінен аспау ықтималдығы экстремалды диапазондарға түссе (0-5 % немесе 96-100 %), онда бұл мән 1941 жылдан бергі кезеңде жағдайда 5 %-дан жиі кездеспегенін білдіреді. Егер ауа температурасының ағымдағы мәнінен аспау ықтималдығы 0-5 % аралығында болса, онда бұл жерде өте төмен температура байқалады, егер 96-100 % аралығында болса, керісінше, өте жоғары температура болғаны бақыланғанын көрсетеді. Егер жауын-шашынның мөлшерін қарастыратын болсақ, онда бірінші жағдайда бұл өте аз мөлшерді, екіншісінде – өте үлкен (экстремальді) мөлшерді көрсетеді.

https://kazhydromet.kz/klimat/ekspress-monitoring

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз