Қазгидромет Нидерланды ғарыш агенттігімен кездесу өткізді

IconЖарияланды 09.03.2022

2020 жылдың маусымынан бастап, "Қазгидромет" РМК және NEVASCO (Нидерланды) компаниялар тобы, экологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық мониторинг мәселелері бойынша онлайн кездесулер өткізуде.

9 наурызда NEVASCO өкілдерімен алғашқы офлайн кездесу өтті. Бұл компания геоақпараттық жүйелер және Жерді қашықтықтан зондтау саласында жұмыс істейді. Экологиялық карталарды жасауды, ауа сапасының мониторингін, қалалардағы жасыл екпелерді, ағаштарды түгендеу мен кадастрды, сондай-ақ су ресурстарының мониторингін жүзеге асыру үшін сервистер мен технологияларды әзірлейді.

✔ Солайша, "Қазгидромет" РМК және Нидерланды ғарыш агенттігі мен NEVASCO компаниялар тобы делегациясының өкілдері, келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады:
— Экологиялық мониторинг (ауа сапасының мониторингін қоса алғанда);
— Гидрометеорологиялық мониторинг;
— Су ресурстарының сапасы мен ластануының мониторингі.

Сонымен қатар, тығыз ынтымақтастықтан басқа, қазақстандық мамандарды Нидерландыда оқыту мүмкіндіктері де айтылды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз