Қазгидромет зертханасында экскурсия

IconЖарияланды 10.03.2022

 

Қазгидромет қызметкерлері "Нұр-Сұлтан" халықаралық мектебінің 5-ші сынып оқушылары үшін экскурсия өткізді.

Экскурсия барысында балалар, "Қазгидромет" РМК-ның қоршаған ортаның ластануын бақылау зертханасына барып қайтты. Онда, балаларға атмосфералық ауа мен жер үсті суларының сынамаларына талдау қалай жүргізілетіні туралы түсіндіріліп айтылды. Сондай-ақ ауадағы ластаушы заттардың анықталуы мен шоғырлануы, AirKZ мобильді қосымшасының жұмыс істеу принципі көрсетілді.

Зертхананы аралағаннан кейін, балалар Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ғасырлық тарихы мұражайына кіріп шықты. Айта кетсек, биылғы жылы Қазгидромет 100 жылдығын атап өтуде

Біздің еліміздің аумағындағы ауа-райын бақылау 19 ғасырдың ортасында басталды. 1848 ж. Қазалы, 1854 ж. Семей, 1856 ж. Ырғыз және Қызылорда, 1859 ж. Алматы және Орал қалаларында 28 метеостанция жұмыс істеді. 1922 ж. қаңтарында Орынборда Кирнаркомзем жанындағы Бас физикалық обсерваторияның метеорологиялық бюросы құрылды. Дәл осы оқиғадан, қазіргі заманғы Қазгидрометтің тарихы басталады.

Жас қазақстандықтар, тарихи аспаптарды және олардың заманауи аналогтарын көрді, жерүсті метеорологиялық бақылау желісінің жұмыс қағидатымен және жаңартылған гидрометеорологиялық орталықпен танысты.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз