Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2022 жылдың 10-11 наурызы аралығында Бішкекте, "Орталық Азиядағы ауа сапасын басқару әлеуетін құру" жобасы аясында, MoveGreen ұйымдастырған 1-ші Орталық Азия гибридті ауа сапасы конференциясы өтеді.
Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен, 100-ден астам онлайн, соның ішінде 20-дан астамы баяндамашы, және де 50 оффлайн қатысушы қатысты. Қазақстанды, "Қазгидромет" РМК экологиялық мониторинг департаментінің директоры — Ольга Корнюхова, "Қазақстандағы ауа сапасы" баяндамасымен таныстырады.
Ауаның ластануы жөніндегі 1-ші Орталық Азия конференциясы, Орталық Азия елдерінің азаматтары мен үкіметтері қоятын ең өзекті сұрақтарға, ауаның ластануымен неге және қалай күресуге, ауа сапасын жақсартуға бағытталған жауаптарға назар аударды.
Конференцияның негізгі мақсаттарының бірі — өңірлік таза ауа қозғалысын қолдау үшін, Орталық Азиядағы ауа сапасы бойынша диалогтың өңірлік платформасын (AQCA тұғырнамасын) бастамашылық ету. Іс-шара бүкіл аймақтағы азаматтық қоғамды, журналистерді, ғалымдарды және үкіметті ауаның ластануы, ауа сапасын бақылау және басқару мәселелерін талқылау, оқыту және тәжірибе алмасу үшін біріктірді.