2022 жылдың 12-18 наурызының аралығындағы кезеңге арналған апта сайынғы гидрологиялық болжам

IconЖарияланды 14.03.2022

NASA спутниктік суреттерінің деректері бойынша, "Қазгидромет" РМК есептеген Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 2022 жылдың 3-10 наурызы аралығында 64%-дан 52%-ға дейін азайды.
2022 жылғы 14-18 наурыздағы апталық синоптикалық болжамның негізінде, оңтүстік циклонның ықпалымен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік өңірлерде негізінен жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде қар түрінде жауын-шашын болады деп болжануда. 14-18 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жаңбыр, Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады, осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлердің тау бөктеріндегі аудандарында беткейлік ағынды қалыптасады деп күтілуде.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, күндізгі ауа температурасының фоны 2-7 жылыға дейін сақталады.
Қазақстанның жазық өзендерінің бассейндері бойынша жинақталған ылғал қорының көлемі келесідей қалыптасты:
— Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша орташа есеппен 19-дан 50%-ға дейін азайд;
— Қостанай облысы бойынша 17%-ға ұлғайды.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы өзендеріндегі тасқындық ағынды, елдің аумағында қалыптасатын қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы өзендерінде, қар қоры бойынша деректер 2022 жылдың сәуірінде ұсынылатын болады.
Метеостанциялардағы көпжылдық бақылаулардың деректері бойынша наурыз, сәуір айларында тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі ықтимал, бұл қауіпті стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкеп соғуы мүмкін.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз