Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Наурыздың бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілген аудандарында температуралық фон көбінесе нормадан 1...9ºС, батыста 2...4ºС жоғары болған, жауын-шашын барлық жерде нормадан жоғары жауған.
Түркістан облысының бақыланатын учаскелерінде «көктеу» -
«3-жапырақ» фазасындағы күздік бидайдың қайта өсіп-өнуі байқалған, өсімдіктердің биіктігі 4-17 см. Дақылдардың жағдайы жақсы деп бағаланған, 1 м2 аумақтағы өсімдіктердің орташа саны 148-332 данаға дейін жеткен. Жоңышқа шөбінің жағдайы көбінесе жақсы, Ордабасы ауданының Бүгін және Бәйдібек ауданының Екпінді агробекеттері маңайында қанағаттанарлық, даму фазасы - «өсімдік сабағының өсуі». Жоңышқа шөбінің биіктігі 5 см дейін жеткен.
Алматы облысында күздік бидайдың түптену тереңдігіндегі (3 см) топырақтың минималды температурасы 0ºС минус 2ºС дейін, Жамбыл облысында 0ºС және Түркістан облысында плюс 1...4ºС болған.
2022 жылдың наурыз айының 1-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy