Маусымдық ауа райы болжамы қаралып отырған маусым үшін, климаттық шамалардан (норма) ауытқу (аномалия) түрінде көрсетілген, орташаланған метеорологиялық параметрлердің (ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері) сипаттамасын білдіреді.
Жарты жылдыққа арналған маусымдық болжам, жылына екі рет жасалады:
Маусымдық болжам жылына 4 рет нақтыланады: қыс, көктем, жаз және күзге арналған болжамдармен.
Сәуір айында еліміздің барлық аумағында орташа айлық температура нормадан 1-2° жоғары, республиканың шығыс бөлігінде – нормаға жуық болады деп күтілуде.
Алайда, көктемде ауа райы қысқы тосынсыйлар тудыруы мүмкін, өйткені өтпелі маусымда синоптикалық процестер өте тұрақсыз. Суық ауа массаларының ағындары кезінде, қарлы боран көбінесе солтүстік аймақтарда болуы ықтимал, ал арктикалық антициклондардың енуіне байланысты, оңтүстік аймақтарда үсік болуы мүмкін.
Мамыр айында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде. Мамыр айында бірқатар облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 1° төмен болады деп болжанады – елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында, бұған себеп – Сібірдің аймақтарынан суық ауа массаларының енуі.
Жаздың алғашқы екі айында - маусым мен шілдеде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп болжануда. Тамыз айында температуралық фон Қазақстанның көптеген облыстарында климаттық норма шегінде болмақ, нормадан 1° жоғары - елдің солтүстік өңірлерінде ғана күтіледі.
Күздің алғашқы айлары бізді жылы ауа райымен қуантады. Қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1° жоғары болады деп болжануда, тек батыста, қиыр солтүстікте, оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыстың тау бөктеріндегі аудандарда, ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде. Қазан айында еліміздің басым бөлігінде орташа айлық температура нормаға жуық, ал ҚР оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында нормадан 1° жоғары болады деп болжануда.
Сәуір, маусым, қыркүйек және қазан айларында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз, мамыр, шілде және тамыз айларында нормаға жуық болады деп болжануда. Шілде айында ҚР қиыр оңтүстік-шығысында, тамызда оңтүстікте, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан көп болады деп күтілуде.