Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
NASA спутниктік суреттерінің деректері бойынша, "Қазгидромет" РМК есептеген Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы, 2022 жылғы 10-17 наурыз аралығында 52%-дан 61%-ға дейін ұлғайды.
2022 жылғы 19-25 наурыздағы апталық синоптикалық болжамның негізінде, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында, Жаңа Жер аудандарынан келетін циклон жырасының ықпалымен тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар, боран, 23-28 м/с дейін жететін екпінді жел болжанады, тұмандар байқалады, 23 наурызда республиканың шығысында қатты қар жауады. 21-23 наурызда Қазақстанның батысында жаңбыр мен қар, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, 22-25 наурызда еліміздің оңтүстігінде негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі, 22 наурызда Жамбыл облысында, 22-24 наурызда Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, осыған байланысты беткейлік ағынды қалыптасады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде бүкіл кезеңде, Қарағанды облысының оңтүстігінде кезең ортасынан бастап күндізгі температура 2-5 жылуға дейін жетеді.
Қазақстанның жазық өзендерінің бассейндері бойынша жинақталған ылғал қорының көлемі келесідей қалыптасты:
— Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары бойынша орташа есеппен 15-тен 43%-ке дейін;
Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы өзендерінде ел аумағында қалыптасқан су тасқыны қатты жауын-шашынға байланысты.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы өзендерінде, қар қоры бойынша деректер 2022 жылғы сәуірдің алғашқы күндерінде ұсынылатын болады.