Назар аударыңыз: өнімді ылғал қорының болжамы

IconЖарияланды 25.03.2022

"Қазгидромет" РМК 2022 жылғы көктемгі егіс жұмыстары басталар алдында, топырақтағы өнімді ылғал қорының болжамын әзірледі.

Алынған есептеулерге сәйкес, егіс алдындағы ылғалдың оңтайлы қоры Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстарында күтілуде.

Ылғалдың оңтайлы деңгейден қанағаттанарлық деңгейге дейінгі қоры Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында күтілуде.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қызылорда облыстарында болса, топырақтағы өнімді ылғал қоры көктемгі егіс жұмыстары басталар алдында қанағаттанарлық деңгейде болады деп күтілуде.

Ал Маңғыстау облысында, топырақтағы ылғал қоры жеткіліксіз болмақ. Осы жерде айта кетсек, Маңғыстау және Қызылорда облыстары, астық егілетін өңірлерге жатпайтынына қарамастан, ағымдағы жылы олар үшін биылғы көктемге арналған топырақтағы ылғал қорының болжамы әзірленді.

Толығырақ, фермерлерге арналған, біздің AgroData веб қосымшасынан білуіңізге болады https://agrodata.kz

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз