2022 жылдың наурыз айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 25.03.2022

Қазақстанның оңтүстік жартысында қолайлы ауа температурасы фонымен мол жауын-шашыннан күздік бидай мен көпжылдық шөптердің (жоңышқа, эспарцет) белсенді қайта өсіп-өнуі басталған.

Күздік бидай бақылау учаскелерінің жағдайы жақсы, даму фазасы «көктеу» - «шоқтану». Өсімдіктердің биіктігі 6 см 19 см дейін жеткен, 1 м2 өсімдіктер саны 182-332 данаға жеткен.

Батыс Қазақстан облысында күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарда онкүндік ішінде ең төменгі ауа температурасы минус 21...25°С дейін, топырақ қабатының температурасы минус 27...29°С дейін төмендеген, бұл қар жамылығысы біркелкі таралмаған немесе қар жамылғысы болмаған жағдайда күздік дәнді дақылдардың нашар дамыған егістіктері үшін қолайсыз болады.

Жоңышқа шөптерінің жағдайы көбінесе жақсы, кей жерлерде қанағаттанарлық, шөптердің биіктігі 2-11 см жетеді. Даму кезеңі «өсімдік сабағының өсуі».

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданының Құлан станциясының маңайындағы бақылау учаскелерінде топырақты алдын ала өңдегеннен кейін жаздық арпа себуге кіріскен.

Наурыздың екінші онкүндігінде жайылымдық мал шаруашылығының басым аумағында ауа температурасы ауытқуының мәні теріс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында оң болған.

2022 жылдың наурыз айының 2-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз