Жылы және желді

IconЖарияланды 28.03.2022

Наурыздың соңғы күндерінде Солтүстік-Батыс циклонның жырасы тұрақсыз ауа райын тудырады. Солайша, республиканың барлық аумағында жауын-шашын жауады: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте болса желдің екпіні тіптен 30 м/с дейін және одан да көп болмақ, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын байқалады. Ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде республиканың солтүстік жартысында 6 аяз...2 жылу, оңтүстік жартысында ауа температурасының 5 аяз...5 жылу дейін ауытқуы, күндіз батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа температурасы 10...20 жылуға дейін, солтүстігінде 2...8 жылуға дейін көтерілуі, шығысы мен орталығында 3...11 жылуға дейін күтілуде.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз