NASA спутниктік суреттерінің деректері бойынша "Қазгидромет" РМК есептеген Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы, 2022 жылдың 17-24 наурызы аралығында 60%-дан 45%-ға дейін азайды.
2022 жылдың 02-08 сәуіріндегі апталық синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, батыстан шығысқа қарай кезекті Атлантикалық циклон ығыса бастайды. Ол негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне және алдымен батыс пен солтүстікте, кезеңнің ортасынан ҚР қалған аумағында желдің күшеюіне себепші болады.
4 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты барлық кезеңде, 6 сәуірде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда, 8 сәуірде Алматы облысында қатты жаңбыр жауады. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарының тау бөктерінде, беткейлік ағынды қалыптасады деп күтілуде. Кейбір күндері түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстік жартысында тұман болады.
Қазақстанның барлық аумағында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен, кезеңнің бірінші жартысында "тату" көктем болады деп (қарқынды жылыну және қардың күрт еруі) күтіледі. Күндіз еліміздің батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы +15+23°С-қа дейін, солтүстігінде күндіз +10+18°С-қа дейін, түнде +3+8°С-қа дейін (артады), оңтүстік өңірлерде +23+28°С-қа дейін көтеріледі.
Алайда, кезеңнің ортасында, циклонның артынан Батыс антициклоны ауысады, ол өзімен бірге қысқа мерзімге ауа температурасының төмендеуіне алып келеді. Осыған байланысты Қазақстанның жазық аумақтарында (Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батыс бөлігі) қардың қарқынды еруі, еріген ағынның қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.
Қазақстанның жазық өзендерінің бассейндері бойынша жинақталған ылғал қорының көлемі келесідей қалыптасты:
— Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан (Шаған өз. қоспағанда), Қостанай облыстары бойынша орташа есеппен 12%-дан 18%-ға дейін азайды;
Метеостанциялардағы көпжылдық бақылаулардың деректері бойынша, сәуір айында тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі ықтимал, бұл қауіпті стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкеп соғуы мүмкін.