Қазақстан Республикасының тау өзендері бойынша 2022 жылғы вегетация кезеңіне арналған гидрологиялық болжам

IconЖарияланды 05.04.2022

Таулы өзендер (оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс) үшін болашақ сулылықтың негізгі көрсеткіші 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 сәуірге дейінгі ылғал жиналу кезеңіндегі жауын-шашын сомасы болып табылады.

Қазақстанның таулы аумақтарында шағын аймақтардағы жер
бедерінің биіктігі 500 м-ден 5000 м-ге дейін өзгереді. Тиісінше, таулы жерлердегі қар жамылғысы біркелкі емес және тау сілемінің орналасуына байланысты. Бұндай жағдайларда жер бедерінің биіктігі 200-ден 500 м-ге дейін өзгеретін елдің жазық аумағында орналасқан өзендерге қарағанда, қар жамылғысындағы ылғал қорының көлемін есептеу мүмкін емес.
ЖҚЗ суреттерінің деректері бойынша 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай, республиканың таулы аумақтарын қармен жабу алаңының келесідей көрінісін табады:
* Жамбыл облысында 2%;
* Түркістан облысы 3%;
* Алматы облысы 18%;
* Шығыс Қазақстан облысы 63% құрайды.
Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында өзен бассейндерінде ылғал жинау қоры сомасының нормасынан сәл ғана асып түседі.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында өзен бассейндеріндегі қар қоры орташа көп жылдық мәндер шегінде, нормадан аспайды.

Гидрометеорологиялық жағдайды талдау негізінде тау өзендерінің су шығындарының вегетациялық кезеңге гидрологиялық болжамы жасалды.

Метеостанциялардағы көпжылдық бақылаулардың деректері бойынша, бір тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі ықтимал, бұл қауіпті стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Жоғары температуралық фон мен Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде қатты жаңбыр жауған жағдайда, жоғары жауын-шашын су тасқыны өтуі мүмкін!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз