Қазгидрометте алғаш рет — балабақша бүлдіршіндері

IconЖарияланды 08.04.2022

Қазгидромет қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласының № 88 "Баян сұлу" балабақшасының бүлдіршіндеріне экскурсия өткізді.

Айта кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында, Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің 100 жылдық мерейтойына орай, Қазгидромет ғимаратында ауа райы қызметінің ғасырлық жұмысына арналған мұражай ашылды. Содан бері мұражай әр түрлі жастағы қонақтарды қарсы алуда — бұл мектеп оқушылары, студенттер мен университет түлектері. Ал осы аптада бізге тіптен алғаш рет елорданың ең кішкентай тұрғындары келіп кетті.

Экскурсия барысында балаларға тарихи аспаптар көрсетілді, метеорологтар мен синоптиктердің 90-шы жылдары, Ұлы Отан соғысы кездерінде қалай жұмыс істегені туралы, сондай-ақ мамандардың елді мекендерден алыс орналасқан — жету қиын станцияларда қалай жұмыс атқаратыны жайлы түсіндіріліп айтылды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз