Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
NASA спутниктік суреттердің деректері бойынша "Қазгидромет" РМК есептеген Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 2022 жылғы 31 наурыз бен 7 сәуір аралығындағы кезеңде 45%-дан 9%-ға дейін азайды.
2022 жылғы 9-15 сәуірдегі апталық синоптикалық болжамға сәйкес атмосфералық фронттардың өтуімен барлық кезең: батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 11-15 сәуірде орталықта, 12-15 сәуірде солтүстікте жаңбыр күтіледі. 9 сәуірде Түркістан және Жамбыл облыстарында, 11 сәуірде Қызылорда облысында, 13-14 сәуірде Батыс Қазақстан облысында, 13-15 сәуірде Атырау облысында қатты жаңбыр жауады, осыған байланысты республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс тау бөктеріндегі аудандарында беткейлік ағынды қалыптасады деп күтілуде.
Еліміздің солтүстік жартысы мен шығысында түнгі температура оң мәндерге дейін көтеріледі деп күтілуде, күндізгі уақытта ауа температурасы 15-22 жылыға дейін, шығыста 20-25 жылыға дейін көтеріледі. Осыған байланысты, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз құбылыстары әлсіреп, су деңгейі көтеріледі деп болжануда.
Қазақстанның жазық өзендерінің бассейндері бойынша жинақталған ылғал қорының көлемі келесідей қалыптасты:
- Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары азайды. Көптеген өзендерде су тасқыны шыңдары өтті, су деңгейі біртіндеп төмендейді.