2022 жылдың сәуір айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 14.04.2022

Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында орын алған жылы, шамалы жауын-шашынды ауа райы күздік бидайдың, жеміс дақылдарының өсіп өнуіне және жаздық дәнді дақылдары, жүгері және мақта егістерінің басталуына, сондай-ақ топырақта ылғал қорының толуына қолайлы болған. Елдің солтүстік жартысында ауа температурасының жоғарылауы егістіктердегі қардың еруін және топырақтың жібуін тездеткен.       

Еліміздің оңтүстігіндегі бақыланатын учаскелерде күздік бидайдың жағдайы жақсы, «көктеу» - «сабақтану» даму фазасы және биіктігі 6 см-ден
22 см дейін жететіндігі байқалған. Түркістан (Шымкент МС) және Жамбыл (Қордай АМП) облыстарында бидайды азотты тыңайтқыштармен қоректендіруге және арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңдеуге кіріскен.

Жамбыл облысының бақыланатын учаскелерінде жаздық арпаны себу жұмыстары жалғасуда, Алматы және Түркістан облыстарында топырақты алдын ала өңдегеннен кейін себуге кіріскен. Арпаның ерте себілген егістіктерінде «көктеу» – «түптену» даму кезеңі байқалған, өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.

Оңтүстік аймақтарда жоңышқа, эспарцет және беде шөптерінің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, биіктігі 27 см жетеді. Жеміс дақылдарында (шие, таңқурай, алма ағашы) «ағаш бүршіктерінің бөртуі» - «гүл шоғырының пайда болуы» даму фазалары байқалған. Алматы облысының Есік станциясының маңындағы бақшаларда алма ағашының бұтақтарын кесуге және улы химикаттармен өңдеуге кіріскен.

2022 жылдың сәуір айының 1-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз