Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2022 жылдың 18 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының түтіндеуі байқалды, "Қазгидромет" РМК-ның экологиялық мониторинг бекеттері, ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясынан асып кетуі тіркелді:
1) күкіртсутегі бойынша: 1,1-3,2 ШЖК шегінен асып кетудің 38 жағдайы;
2) РМ2,5 (шаң) бойынша: 1,1-2,2 ШЖК шегінен асып кетудің 76 жағдайы;
3) РМ10 (шаң) бойынша: 1,1-1,2 ШЖК шегінен асып кетудің 7 жағдайы;
4) азот оксиді бойынша: 1,0-2,5 ШЖК шегінен асып кетудің 30 жағдайы;
5) азот диоксиді бойынша: 1,1-3,6 ШЖК шегінен асып кетудің 53 жағдайы;
Келесі аймақтар неғұрлым ластанған: азот диоксиді бойынша № 5 бекет (Тұран даңғылы 2/1), күкірттісутегі бойынша №8 бекет (Көктал ш/а), РМ2,5 бойынша №6 (Ақжол көшесі) мен № 7 (Түркістан көшесі) бекет аудандары.
Нұр-Сұлтан қаласындағы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 10 стационарлық бекетте жүргізіледі, оның ішінде 6-ы автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті болып табылады.
NASA-ның картасына сәйкес, 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошақтары байқалды. Бұл өрттер өз кезегінде, бүгін елордада байқалған түтінге әсер етуі мүмкін еді.
Синоптикалық жағдай келесідей:
Болжам бойынша, алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын басым болады, 18, 20-21 сәуірде жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Түнде ауа температурасының 5...7 градусқа дейін біртіндеп жоғарылауы, күндіз 15...17 градустан 10...12 градусқа дейін төмендеуі болжануда.