Павлодар қаласында түтін иісінің себептері жайлы

IconЖарияланды 18.04.2022

2022 жылдың 15-17 сәуірінде қою түтіндеуі байқалды, «Қазгидромет» РМК-ның экологиялық мониторинг бекеттері, ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясынан асып кетуі тіркелді:

1) күкіртсутегі бойынша: 1,1-1,5 ШЖК шегінен асып кетудің 10 жағдайы;

2) РМ2,5 (шаң) бойынша: 1,3-2,6 ШЖК деңгейіндегі 2 жағдайы;

3) РМ10 (шаң) бойынша: 1,6 ШЖК деңгейіндегі 1  жағдайы;

4)  азот диоксиді бойынша: 1,1-1,2 ШЖК шегінен асып кетудің 14 жағдайы;

Келесі аймақтар неғұрлым ластанған: № 5 бекеті (Естай көшесі,54) күкіртсутегі бойынша,  № 7 бекеті бойынша (Торайғыров – Дүйсенов көшелері) азот диоксиді бойынша,  № 6 (Затон көшесі, 39) РМ 2,5 және РМ-10 бойынша.    

Павлодар қаласындағы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 7 стационарлық бекетте жүргізіледі, оның ішінде 5-еуі автоматты бекет және 2 қолмен сынама алу бекеті болып табылады.

NASA-ның картасына сәйкес, 16-17 сәуірде Омск және Новосибирск облыстарында және РФ  Алтай өңірінде, одан басқа бөлек өрт ошақтары  Солтүстік Қазақстан  және Павлодар облысында байқалды. Бұл өрттер бүгін Павлодар облысы мен Павлодар қаласында байқалған түтінге әсер етуі мүмкін еді.

Синоптикалық жағдай келесідей:

Болжам бойынша, алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын басым болады,  20-21 сәуірде жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Түнде ауа температурасының 3...5 градусқа дейін біртіндеп жылыйды, күндіз 15...17 градустан 11...13 градусқа дейін төмендеуі болжануда.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз