Бұны Қазгидрометтің жариялаған құрғақшылық болжамынан біле аласыздар.
Қазақстанның елеулі аумағындағы, ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес, мамыр айында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде.
Келесі жерлерде орташа құрғақшылық күтіледі:
Ақтөбе облысы Әйтеке би және Хромтау аудандарында,
Қостанай облысы Жангелді ауданында,
Қызылорда облысы Қазалы ауданында,
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында.
Ылғалданудың, орташа ылғалды жағдайлары, негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде қалыптасады.
Қазақстан аумағы бойынша жауын-шашынның стандартталған индексі негізінде, құрғақшылықтың ықтималды болжамы тұрақты негізде ҚР АШМ-е ұсынылады, сондай-ақ біздің сайтымызда https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy және AgroData қосымшасында https://agrodata.kz/#/forecasts/drought-productivity ай сайын жарияланып тұрады.