Алдағы күндері антициклон келеді, бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа массаларының белсенді жылынуына ықпал етеді: күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25-ке дейін жылу, орталықта 8-18-ден 15-23-ке дейін жылу, оңтүстікте 18-28-ден 23-30-ға дейін жылу, батыста 20-28 жылу, шығыста 10-18 жылу, ал оңтүстік-шығыста 17-25 жылу орын алады. Республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл мен жел күшейеді.