Егіс жұмыстарының басталуына қарай, ағымдағы жылдың көктеміне, "Қазгидромет" РМК топырақтағы ылғал қорының қорытынды болжамын шығарды. Мамандардың есептеулері, егіс жұмыстары алдында Қазақстан аумағы бойынша егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі, келесідей күтілетінін көрсетеді:
- Батыс Қазақстан облысында — жеткіліксіз деңгейде;
- Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында — қанағаттанарлық деңгейде;
- Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында — оңтайлы деңгейден қанағаттанарлық деңгейге дейін;
- Қарағанды және Алматы облыстарында — оңтайлы деңгейде.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар, тұрақты негізде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынылады, сондай-ақ біздің сайтымызда https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy және AgroData қосымшасында https://agrodata.kz/#/forecasts/drought-productivity ай сайын жарияланып тұрады.